15
қазан
2020
Қазақ халқының Ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына ұйымдастырылған челлендж
Биыл ұлы ақын және ойшыл, қазақ халқының ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Абай философиясы өзінің халқы, мәдениеті мен тілі туралы дана ойларымен кейінгі қазақстандықтардың кейінгі ұрпақтары үшін құнды мұраға айналды.
Бізде, МКҚК №162 бөбекжай-балабақшасы, барлық білім беру ұйымдарындай ақынның туған күніне арнап іс-шаралар өткіздік және ақынның мерей тойына ұйымдастырылған челленджді қабыл алдық.
Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар "қара сөздерін" жазып қалдырғаны белгілі. Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсы- бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық.
Абайдың білім-ғылым жайындағы қара сөздерден, біздің балабақшамыздың педагогтары ерекше қуат пен мотивация алары анық. Әрбір педагог маман осы қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймыз.
Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа? Ақыл, жүрек, қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын, болашағымыз баянды болары сөзсіз!
.