01
қыркүйек
2020
МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасында "1-қыркүйек Білім күніне" арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Білім күні - жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі. Білім күні - бұл ең алғаш қоңырау, көп әсем гүлдер және ақ бантик күні. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері , яғни 1-қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасында "1-қыркүйек Білім күніне" арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Сіздерге ерекше, жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз.