29
ақпан
2024
БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ
Алматы қаласы, Жетісу ауданы , КМҚК “162 бөбекжай-балабақшасы” ересек , мектепалды топ тәрбиеленушілерімен “ Балалар арасындағы буллинг және оның алдын алу жолдары” мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Балалардың қауіпсіз және сүйіспеншілікке толы өмірге лайық екенін және отбасындағы зорлық-зомбылық ешбір жағдайда қабылданбайтын немесе ақталмайтыны туралы кеңірек хабардар болуы керек.
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.
Ата-анаға ақыл-кеңес
Буллингке ұшыраған баланың ата-анасы не істеуі керек?
«Мен саған сенемін»
Бұл балаға кез келген жағдайда өзін жалғыз емес екенін ұқтырады;
«Бұл сенің кінәң емес»
Осы арқылы балаға мұндай мәселеге тап болып тұрған өзі ғана емес екенін түсіндіру маңызды.
«Мен сені жақсы көремін және енді қайта қауіп төнбес үшін барлығын жасаймын»
Бұл балаға қорғаныш сезімін ұялатып, болашаққа үмітпен қарауына көмектеседі.Бала - кез келген жағдайда көмек сұрауға дайын болатындай әрқашан сенімді
Педагогке ақыл-кеңес
Педагогтар балалардың ата-анасымен тығыз байланыста болуы керек. Балалардың бір- бірімен қарым –қатынасын қадағалау.
Баланың өзіне ақыл-кеңес.
Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым туралы айту;
Қудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену дұрыс емес. Буллингтің куәгері
болған жағдайда оны назардан тыс қалдырмау. Балалардың өміріне түрлі
гаджеттер мен ойындардың араласып кетуі -балалардың 80% телефон мен компьютерге
тәуелділігіне әкеліп соқты, ойынға беріліп кеткен балалар виртуалды әлемді шынайы өмірмен шатастырып алады да, суицид пен басқа да әрекеттер оларға оңай болып көрінеді, санасы қатаймаған балалар мұны жете түсіне алмайды.