Ата-аналарға кеңес » ГККП "Ясли сад №162"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№162 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 377-81-72
Әдіскер:
+7(727) 377-81-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
қазан
2016

Ата-аналарға кеңес

Ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру
Өз балаңды жақсы көре біл!
Балаңыздың сізбен бірге болғанына қуаныңыз. Балаңыз қандай, солай қабылдай біліңіз, оны төмендетіп намысына тимеңіз. Өзіне деген сенімділігін арттыруға өз тарапыңыздан жағдай жасаңыз, әділетсіз жазалауға жол бермеңіз. Балаңаз сіздің іс әрекетіңізден жылылық пен махаббатыңызды сезіне білуі қажет.
Балаңызға қайырымды да, үлгілі бола біліңіз!
Балаңыздың бойына өз халқына, ұлттық дәстүріне деген құрметті дарытуда өзіңіз үлгі болыңыз. Ол үшін шынайы сыйластық, кешірімді тату тәтті қарым қатынас, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жанұя мүшелерінің бір біріне деген жанашырлық сезімдерін, баланың бойына дарыта білудегі жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз!
Өз балаңызбен ойнаңыз!
Балаңыздың қалауы бойынша ойнаңыз, әңгімелесіңіз, арнайы уақыт бөліңіз. Балаңыздың ойынын шын ниетпен қабылдап, оның балалық әлеміне еніп, өзіне және өзгелерге балаңыздың көзқарасымен бір кезек қараңыз. Бала ойын арқылы өмірдің қиыншылық сәттеріне қарсы тұруға дағдыланады, адамдармен қарым қатынасты орнатуға үйренеді.
Баламен бірге еңбектен!
Балаңызға үй шаруасына қатысып, жәрдемдесуге рұқсат беріңіз. Еңбек ету алгоритімін үйретіңіз. Берілген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру үшін, еңбек ету кезіндегі жіберген қателіктерін емес, жетістіктерін айтып, қолдау көрсетіңіз.
Адам еркіндігінің шектелуі мен бала мүмкіндігін көрсете біл!
Әр адам өзіне де, өзгеге де кесір келтірмей өмір сүруі керек. Баланы тәрбиелеуде, оның жеке тұлға болып қалыптасуында осы қағиданы есте тұтып, белгілі бір заңдылықтарды орындай отырып, баланың тәрбиесіне аса ұқыптылықпен қарап, нәтижелігіне мән беру керек. Бала тәрбиесіндегі жазалау әдісі және шектен тыс еркелету оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді.
Ата-аналарға кеңес
Психолог:Аманбай А.Б

Похожие публикации:

22 қыркүйек 2016 Біз туралы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив