09
қыркүйек
2025
Ата-анаға кеңес беру
Осы жаста көптеген балалар горшорка отырып, тамақты өзі мұқият жеуді үйренеді. Екі жаста бала ересектердің қандай да бір нәрсені түсіндіргенін тыңдай алады, ал кейбір сәбилер сұрақ қоя бастайды.
Бала 2 жасқа келгенде не істей алады? Олар бірнеше кедергіден кезекті қадамдармен өтіп, еденде жатқан тақтаймен теңгерімді сақтап жүре алады. 2 жастағы балаларға арналған қимылды ойындарда секіру, жүгіру, доп лақтыру, төбешіктен сырғанау секілді ойындарды қосуға болады. Әдетте, балалар 2 жасына қарай горшоктың не екенін біліп, онымен танысып болады. Бала сөздер мен белгі беру арқылы горшокка отырғысы келетінін білдіреді, ал кейбіреулері шалбарын өзі шешіп, дайындалады.
Танымдық дамуы
Заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай ажыратуы:
- 2 жасар бала көлемді геометриялық пішіннің конфигурациясын жазықты суретпен байланыстырады.
- Үш немесе одан да көп түсті көлемді заттарға бағдарланады. Және ересектер көрсеткеннен кейін заттарды жинай алады.
- Көлеміне байланысты түрлі-түсті төрт-бес сақинадан пирамида құрастырады.
- Көзі үш-төрт түске түседі; кейбіреуінің қалай аталатынын айтады және үлгіге қарай таңдай алады.
- Заттардың салмағын, құрылымын, температурасын яғни, ауыр, жеңіл, жұмсақ, қатты, суық, жылы екенін тани бастайды.
- Екі жасар бала параққа тік, көлденең, дөңгелектелген, қысқа және ұзын сызықтарды сызуды біледі. Сондай-ақ, не салып жатқанын айтады.
Ойын әрекеттері
Екі жасқа толған балалар ойын кезінде зеректік танытады. Ұнаған ойыншығын судан торлы дорбамен таңдап ала алады. Бірнеше жүйелі ойын әрекеттерін жасайды немесе мәселеге тап болғанда ойын жағдайын өзі шешеді. Мысалы, жанында ыдыс тұрса, қуыршақты тамақтандырады немесе текшелер мен машина болса, гараж құрастырады. Сондай-ақ, ауыстыру элементтерін қолданады. 2 жасар бала ойыншықпен екі сюжеттік әрекет жасайды. Мәселен, қуыршақты тамақтандырып, ұйықтатады және машинкаға заттар басып, тасиды.
- Үйде өзіне жақын ересек адамдардың әрекетін қайталайды.
- Текшелерден кішкене ойыншықтарға арнап ғимарат, үй, жол, орындық, диван, үстел және т.б. таныс ғимараттар тұрғызады.
- 2 жастағы баланың дамуы өзінің құрдастарымен ойыншықтарды бірге ойнауына мүмкіндік береді.
Эмоционалды және әлеуметтік дамуы
- Эмоционалды, белсенді, жігерлі жағдайда болады.
- Ересек адамдар мақтаса, епті әрекеттер жасағысы келеді.
- Рұқсат бермей қойса қырсығып, өз дегенін жасатқысы келіп, талап етеді.
- Сәтті болмай қалса көңілі толмай, жасап отырған әрекетінен бас тартады.
- Үлкендердің өтінішін орындағысы келмесе қырсығады.
- Жақын адамына немесе өзі секілді басқа балаларға еліктеп, ым-ишара білдіреді.
- Өзіне назар аударту үшін шыңғырады.
- Ересек адам ұрысса оған жауап ретінде, қалағанын жасатпай қойғаны үшін ашуланып, тыңдамай қояды.
- Бейтаныс ересек адамға жақындағысы, сөйлегісі келмейді.
- Анасы кетіп қалғанда, шошыса және ренжіген кезде ұзақ жылайды.
- Ересектердің немесе басқа балалардың назарын өзіне аудару үшін күлімсіреді, ым-ишара білдіреді, көзіне қарап, мақтауын күтеді.
- Жақсы адамдармен қарым-қатыс барысында жарқын эмоциялар көрсетеді.
- Балалармен бірге ойнағанда күлімдеп, эмоциялы бояулы сөйлеуді қолданады.
- Өздігінен айтқан сөздері мен буындары ұнайды.
- Эмоциялы түрде музыкаға, ән айтуға, кішігірім халықтық пішіндерге қызығады және қимылды ойындарды саралап таңдайды.
- Көңіл көтергенді жақсы көреді, соның ішінде ойындарды қуана ойнайды.
- Таныс жағдайларда эмоционалды зерделік көрсетеді.
- Мультфильмдерді және балаларға арналған теледидарлық хабарларды қызығушылықпен көреді.
- Жылап жатқан балаға, қарт адамдарға аяушылық танытып, жаны ашиды, жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасайды.
- Эмоционалды түрде өзін ұстап, күте тұр дегенді түсініп, үлкендердің айтқанын орындайды. «Ойыншықтарды жина», «мынаны жасауға болады», «мынаны болмайды» деген нұсқауларды қарсылықсыз қабылдайды. «Жақсы», «жаман» деген сөздерді түсінеді.