МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне
МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасында 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай " Біз-Отанның болашақ сарбаздары" атты спорттық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекеге Жетісу аудандық "Нұр Отан" партиясының төрағасы Омаров Марат Сағатұлы келіп , балабақшаның жалпы тыныс тіршілігімен танысып, ата-аналармен сұхбаттасты. Балабақшаның жас ұландарының салтанатты шеруі жоғары деңгейде өтті. Жас сарбаздар сап түзеудің түрлерін көрсетіп, ата-аналармен балабақша бүлдіршіндеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.