Жер сілкінісі кезіндегі алдын-алу іс-шаралары » ГККП "Ясли сад №162"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №162»
Управления образования города Алматы
Заведующий :
+7(727) 377-81-72
Методист:
+7(727) 377-81-72
Версия для
слабовидящих
» » Жер сілкінісі кезіндегі алдын-алу іс-шаралары
01
февраль
2024

Жер сілкінісі кезіндегі алдын-алу іс-шаралары

КМҚК “162 бөбекжай-балабақшасы” қызметкерлеріне “Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл” туралы нұсқаулықтар жүргізілді.

Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде 

Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.

Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.

Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:

 • ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы
 • сынған шынылардың құлауы
 • үзілген электр сымдары
 • пәтердегі ауыр заттардың құлауы
 • өрт

Жер сілкінісінен кейін:

Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.

Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе.
Радиоқабылдағышты қосыңыз.

Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз.
Ашық отты пайдаланбаңыз.

Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.

Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.

Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама дүмпуге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бірінші жер сілкінісінен көп уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив