Консультациялық пункт - ГККП "Ясли сад №162" http://162.almatybala.kz/ ru Консультациялық пункт - ГККП "Ясли сад №162" DataLife Engine Ата-аналарға кеңес http://162.almatybala.kz/main/356-ata-analara-kees.html http://162.almatybala.kz/main/356-ata-analara-kees.html

]]>
admin Thu, 13 Mar 2025 11:57:19 +0600
Ата-аналарға кеңес http://162.almatybala.kz/main/355-ata-analara-kees.html http://162.almatybala.kz/main/355-ata-analara-kees.html




]]>
admin Thu, 13 Mar 2025 11:46:42 +0600
Ата-анаға консультация беру http://162.almatybala.kz/main/354-ata-anaa-konsultacija-beru.html http://162.almatybala.kz/main/354-ata-anaa-konsultacija-beru.html " № 162 бөбекжай-балабақшасы" КМҚК тәрбиешісі педагог-модератор Әкімақын А.Б. консультациялық пункт кестесіне сәйкес мектепке дейінгі ұйыммен қамтылмаған баланың ата-анасына "Баланың жан-жақты дамуы" тақырыбында кеңес берді.
Баланың жан-жақты дамуы үшін ата-анаға кеңес
Баланың дамуы оның қоршаған ортасына, ата-ананың тәрбиесіне және күнделікті тәжірибесіне байланысты. Оны жан-жақты дамыту үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
1. Эмоционалды даму
  • Балаңызбен жиі сөйлесіңіз, оның сезімдерін түсініп, қолдау көрсетіңіз.
  • Оған махаббатыңызды сөзбен және іс-әрекетпен көрсетіңіз.
  • Оның жетістіктерін мадақтап, қателіктерін түсіндіруге тырысыңыз.
2. Интеллектуалды даму
  • Кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырыңыз. Жас ерекшелігіне сай ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқыңыз.
  • Санап үйретіңіз, әртүрлі логикалық ойындар ойнатыңыз.
  • Балаңызға «неге?», «қалай?» деген сұрақтар қоюға мүмкіндік беріңіз, оның қызығушылығын қолдаңыз.
3. Тілдік және сөйлеу дағдылары
  • Онымен күнделікті әртүрлі тақырыпта сөйлесіңіз.
  • Жаңа сөздерді үйретіп, оларды сөйлемдерде қолдануды сұраңыз.
  • Өлеңдер, тақпақтар жаттатып, жаңылтпаштар айтқызыңыз.
4. Қимыл-қозғалыс (физикалық) даму
  • Белсенді ойындар ойнатыңыз: секіру, жүгіру, тепе-теңдікті сақтау ойындары.
  • Дене жаттығуларына баулыңыз.
  • Ұсақ моториканы дамыту үшін сурет салу, мүсіндеу, құрастыру сияқты әрекеттерді жасаңыз.
5. Әлеуметтік дағдылар
  • Балаңызды басқа балалармен қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
  • Қонаққа барғанда немесе қонақ шақырғанда, өзін қалай ұстау керектігін көрсетіңіз.
  • Ойын барысында бөлісуді, кезек күтуді, сыпайы сөйлеуді үйретіңіз.
6. Тәуелсіздікке баулу
  • Өзі тамақ ішуге, киінуге, заттарын жинауға үйретіңіз.
  • Шағын тапсырмалар беріп, жауапкершілігін арттырыңыз.
  • Күнделікті тәртіпке дағдыландырыңыз (ұйқы, тамақтану, ойын, сабақ уақытын реттеу).
7. Шығармашылық қабілеттерін дамыту
  • Қарындаш, бояулар, пластилин беріп, шығармашылыққа ынталандырыңыз.
  • Ән айтуға, би билеуге, рөлдік ойындарға баулу арқылы қиялын дамытыңыз.
8. Тәрбиелік мәні бар әңгімелер айту
  • Жақсы мен жаманды ажыратуды үйретіңіз.
  • Ізеттілік, сыпайылық, үлкенді сыйлау, кішіпейілділік туралы үлгі көрсетіңіз.
Баланың дамуы ата-ананың қолында. Ең бастысы – оған махаббат пен қолдау көрсету!
                                                                                                             Тәрбиеші: Әкімақын А.Б. 
 
]]>





]]>
admin Wed, 05 Feb 2025 12:33:50 +0600
Ата -анаға мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кеңес беруі http://162.almatybala.kz/main/353-ata-anaa-mektepke-dejng-jym-trbieshsn-kees-beru.html http://162.almatybala.kz/main/353-ata-anaa-mektepke-dejng-jym-trbieshsn-kees-beru.html "№ 162 бөбекжай-баабақшасы" КМҚК тәрбиешісі педагог-сарапшы Чубанова А.М. ата-анаға "«ҮЙДЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ» ережелері" тақырыбында кеңес берді. 
Тәрбиеші үйде кейбір заттардың қауіпті болуы мүмкін екендігін түсіндіреді.
Қауіпті заттар: пышақтар, дәрілер, тазалау құралдары, розеткалар, ыстық заттар (үтік, пеш), жиhаздың өткір бұрыштары.
қағида. Пышақтарды немесе басқа өткір заттарды ұстамаңыз.
Түсіндіру: «Пышақтар өте өткір және жарақаттауы мүмкін. Әрқашан ересектерден көмек сұраңыз».
2- қағида. Ешқашан ересектердің рұқсатынсыз дәріні және дәрумендерді ішпеңіз.
Түсіндіру: «Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамаған жағдайда қауіп тууы мүмкін».
3-қағида. Ыстық заттардан аулақ болыңыз.
Түсіндіру: «Ыстық заттар күйдіруі мүмкін. Пеш немесе үтіктен абай болыңыз».
4-қағида. Розеткалармен/ажыратқыштармен және электр құрылғыларымен ойнамаңыз.
Түсіндіру: «Электр қуаты өте қауіпті. Электр розеткаларына ешқашан ештеңе қоймаңыз».
«Бола ма немесе болмай ма?» ойыны: тәрбиеші әртүрлі әрекет берілген суреттерді көрсетеді (мысалы, «пышақты ұстау», «ойыншықтармен ойнау», «пешке жақын бару») және балалардан бұл әрекетті істеуге бола ма, жоқ болмай ма деп сұрайды. Балалар «болады» немесе «болмайды» деп жауап беріп, себебін түсіндіреді.
«Қауіпсіз затты тап» ойыны: тәрбиеші балаларға әртүрлі заттардың суреттері бар карточкаларды береді. Балалар ойнауға қауіпсіз заттарды (мысалы, доп, қуыршақ) тауып көрсетуі керек және олардың неге қауіпсіз екенін түсіндіруі керек.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің рефлексиясы. Негізгі қауіпсіздік қағидаларын қайталау.
Бекітуге арналған тапсырмалар: үйдегі қауіпті заттардың суретін салу.
]]>

]]>
admin Tue, 28 Jan 2025 08:14:03 +0600
Ата-анаға мектепке дейінгі ұйым логопед маманының кеңес беруі http://162.almatybala.kz/main/352-ata-anaa-mektepke-dejng-jym-logoped-mamanyny-kees-beru.html http://162.almatybala.kz/main/352-ata-anaa-mektepke-dejng-jym-logoped-mamanyny-kees-beru.html "№ 162 бөбекжай-балабақшасы" КМҚК логопед маманы Бейсембек А.Т. "Бала тілінің дамуы" тақырыбында төмендегідей кеңес берді: 

Баланың тілінің дамуы жалпы психикалық дамуға байланысты. Бұл үшін негізгі алғышарттар болып мыналар табылады: қарым-қатынастың коммуникативтік бағытталынуы, баланың қоршаған ортаға деген қызығуы,есту зейіні мен қабылдауы, фонематикалық естуінің жеткілікі дамуы және артикуляциялық аппараттың дайындағы.

Бала тілінің дұрыс дамуына тілдік орта әсер етеді. Баламен сөйлескенде анық, асықпай, барлық дыбыстарды дұрыс дыбыстап айту керек.Сонымен қоса, балаға толық жауап қайтаруды дағдыландыру қажет.

Баланың фонематикалық естуін дамытудың маңызы зор.

Ол дұрыс дыбысталудың бұрыс айтылудан ажыратуға, ана тілдің әр түрлі дыбыстарын дифференциялауға көмектеседі.

Дыбыстарды дұрыс айту бойынша жұмыста артикуляциялық гимнастикалары мен тыныс алу жаттығуларының маңызы зор. 

Артикуляциялық гимнастиканың күнделікті орындау кезінде:

  • Артикуляциялық мүшелердің қозғалғыштығын арттырады;
  • Тіл, ерін және ұрттың бұлшықет жүйесін жетілдіреді;
  • Балаға белгілі бір артикуляциялық қалыпты ұстап тұруға көмектеседі;
  • Қимыл-қозғалыс амплитудасын жоғарлатады;  

Баланың толық қанды жеке тұлға балып қалыптасуында дұрыс сөйлеуін, қате дыбыстарын әрдайым түзетіп отыру қажет. Бала сөйлеуінің кез келген кемшіліктері оның құрдастарымен, ересек адамдармен қарым-қатынас жасауына кедергі жасап, эмоционалдық сферасының қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Ұсыныстар:

1)Баламен қалыпты интоннациямен, анық және түсінікті сөйлеңіз.

2) Фонематикалық естуді өлі табиғат дыбыстары мен адам сөйлеуімен ажыратуға үйретіңіз. Балаға былай деп айтыңыз: «Тыңдап көрші қалайша ит үреді,қалайша жел еседі». Бұл ит үрісі,ұшақ моторы,есік сықыры және т.б.болуы мүмкін.

3) Ұсақ қол моторикасын дамытыңыз, өйткені,қолдың ұсақ моторикасының дамығандығына баланың ақыл-ойы мен тілі дамуы тығыз байланысты.

4) Баламен бірге ойын түрінде айнаның алдында артикуляциялық жатығуын орындаңыз.


]]>


]]>
admin Thu, 16 Jan 2025 08:00:21 +0600
Ата-анаға мектепке дейінгі ұйым медбикесінің кеңес беруі http://162.almatybala.kz/konksultacijaly-punkt/349-ata-anaa-mektepke-dejng-jym-medbikesn-kees-beru.html http://162.almatybala.kz/konksultacijaly-punkt/349-ata-anaa-mektepke-dejng-jym-medbikesn-kees-beru.html "№ 162 бөбекжай-балабақшасы" КМҚК  мектепке дейінгі ұйым медбикесі Абдуллина Жанар Сериковна ата-анаға "Тұмаудың алдын-алу" тақырыбында кеңес берді. 

]]>
https://drive.google.com/file/d/1Pdv5weolUqny8ujgf00i1RjwozLtJCIZ/view?usp=drive_link 

]]>
admin Wed, 08 Jan 2025 17:14:38 +0600
Ата-анаға консультация беру http://162.almatybala.kz/main/344-ata-anaa-konsultacija-beru.html http://162.almatybala.kz/main/344-ata-anaa-konsultacija-beru.html Мектепке дейінгі ұйым басшысы Нұрымқызы Ажар Нұралы Айым Нұрдаулетқызының анасына мектепке дейінгі ұйымдағы бос орындар және балабақшаға Balabaqsha.bilimalmaty.kz сайты арқылы қабылданатыны жайлы толық ақпарат берді ]]>

]]>
admin Mon, 09 Dec 2024 13:58:52 +0600
Консультациялық пункт жұмысы бойынша психологтың кеңес беру сәті http://162.almatybala.kz/main/343-konsultacijaly-punkt-zhmysy-bojynsha-psihologty-kees-beru-st.html http://162.almatybala.kz/main/343-konsultacijaly-punkt-zhmysy-bojynsha-psihologty-kees-beru-st.html

]]>
admin Tue, 12 Nov 2024 12:31:52 +0600
Ата-анаға кеңес беру http://162.almatybala.kz/konksultacijaly-punkt/332-ata-anaa-kees-beru.html http://162.almatybala.kz/konksultacijaly-punkt/332-ata-anaa-kees-beru.html Мектепке дейінгі ұйымға balabaqsha.bilimalmaty.kz сайты арқылы балаларды кезекке қою және жолдама алу туралы  ата-анаға түсіндірме жұмыстары  арқылы көмек көрсетілді]]>

]]>
admin Wed, 30 Oct 2024 10:17:20 +0600
Ата-аналар назарына!!! http://162.almatybala.kz/main/331-ata-analar-nazaryna.html http://162.almatybala.kz/main/331-ata-analar-nazaryna.html "№ 162 бөбекжай-балабақшасы" КМҚК мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата-аналарына ( заңды өкілдеріне) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша кеңес беруге және әдістемелік көмек көрсетуге арналған консультациялық пункт жұмыс жасайтынын хабарлайды. ]]>
]]>
admin Wed, 25 Sep 2024 10:06:12 +0600