Ата-аналар жиналысы » Страница 9 » ГККП "Ясли сад №162"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№162 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 377-81-72
Әдіскер:
+7(727) 377-81-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қараша
2015

Ата-аналар жиналысы

МКҚК № 162 бөбекжай-балабақшасы

№ 2 ата-аналаржиналысының

ХАТТАМАСЫ

06.11.2015ж.

Қатысқаны: 91

Қатыспағаны: 32

Себепті: 19

Себепсіз: 13

Күн тәртібінде:

1.Балабақша меңгерушісінің оқу тәрбие және қаржы шаруашылық

ісі бойынша есеп беру баяндамасы;

2. Ата-аналар сұрақтары, әр түрлі мәселелер.

Балабақша әдіскері келген ата-аналармен сәлемдесіп, әр топ бойынша тіркеу жүргізілгенін және жиналысқа қатысып отырған барлық ата-ана саны 91 екенін айтып, осы құраммен жиналысты бастауға рұқсат сұрады.

Әдіскер жиналыстың регламентімен таныстырды:

1. Музыкалық сәлем - 10 мин.;

2. Есеп беру бағдарламасы - 20 мин.;

3. Әр сұрақ -2-3 мин.;

4. Жиналыстың шешімін шығару -5мин.;

5. Барлығы – 40-45 минутқа жоспарланып отырғанын айтып өтті.

 

1.Ата-аналардың құрметіне балабақша тәрбиеленушілері және

« Қазақстан дауысы» Республикалық телевизиялық байқауының қатысушысы, Халықаралық Республикалық конкурстардың лауреаты балабақшамыздың музыка жетекшісі Қайырбергенқызы Жазира музыкалық сәлем жолдады.

2.Балабақша меңгерушісі Рыскулова Ж.О. слайд көрсету арқылы

балабақшаның оқу-тәрбие және қаржы шаруашылық ісі бойыншаесеп берді. Оқу-тәрбие бөлімі бойынша балабақшаның заңды мекен-жайы, телефоны электрондық почтасы және балабақша ғимаратының 2008 жылы салынып, 2009 жылдың 9-ақпанынан бастап жұмыс жасайтынын айтты. Балбақшадаойын алаңдары құралдармен толық қамтамасыз етіліп, балалардың қауіпсіздігі үшін жерге жұмсақ төсеніштер төселгенін атап өтті.

Биылғы 2015-2016 оқу жылында балабақшада 6 топ жұмыс жасайтынын және 192 баламен қамтылғанын айтты. Балабақшада оқу іс-әрекеттері мемлекеттік тілде, мемлекеттік құжат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру Стандартын негізге ала отырып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Мектеп алды даярлық»бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатыны, осы стандартқа сәйкес оқу іс-әрекеттерінің кестесі бекітіліп күнделікті оқу іс-әрекеттері жүргізілетінін түсіндірді.

Балабақшада 18 педагог маман , оның ішінде 12 тәрбиеші және дене шынықтыру нұсқаушысы, музыка жетекшісі, логопед және психолог мамандар жұмыс жасайтынын айтты.

Жоғары біліктілік санатты- 2 педагог

Бірінші біліктілік санатты - 3 педагог

Екінші біліктілік санатты - 5педагог жұмыс жасайды.

 

Барлық қызметкерлер Халықтық Демократиялық «Нұр Отан» партиясының және «Ұстаз»кәсіподақ ұйымының мүшелері болып табылады. Педагогтардың барлығы аудандық, қалалық семинарлар өткізіп, аудан көлемінде басқа да қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысып жұмыс жасайтынын айтып өтті.

Балабақшада оқу іс-әрекеттері күнделікті ертеңгілік жаттығу, мемлекеттік Гимнді айтумен басталады. Жылдық жоспарға сай ашық оқу іс-әрекеттері, мерекелік ертеңгіліктер, көрмелер , ата-аналармен түрлі тақырыпта дөңгелек үстелдер, пікір-таластар, спорттық жанұялық эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, басқа да мәселелер талқыланып отыратынын түсіндірді. Балабақшаның педагог мамандары іс-тәжірибе алмасу мақсатында Англияның «Кембридж» университеті маманымен балабақша қабырғасында кездесу ұйымдастырғанын айтты.

Балабақша тәрбиеленушілері Республикалық, телевизиялық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болғанын :

1. IV-Қалалық «Балапан»байқауында – Гран-при иегері;

2. Республикалық «Ғұмырдария»жасөспірімдер және балаларшығармашылығы ән би телевизиялық байқауына қатысып, «Вокалды топ» номинациясы бойынша лауреат атанғанын мақтанышпен атап көрсетті.


2-мәселе бойынша балабақшаның қаржы-шауашылық бөлігі бойынша 1-қаңтар 2015 ж. мен 1-қазан 2015 ж. дейінгі 9 айлық есебін берді.

Өз есебінде бөлінген қаражаттарды қандай мақсатта пайдаланғанын, балабақша есепшотынан аударылған төлемдерге жеке-жеке тоқталып слайд арқылы көрсетті. Шаруашылық топтардағы балалардың төлемақысынан сол топтың қызметкерлерінің еңбек жалақылары төленетін болғандықтан ата-аналарға балабалардың балабақшаға қатысуы, төлемақының уақытында әр айдың 10-на дейінгі мерзімде төленуі маңызды екенін түсіндірді.

 

Күн тәртібінің 2-бөлімі бойынша әр түрлі мәселелер бойынша ата-аналардың сұрақтары тыңдалып, жауап берілді.

1. І-сәбилер «Балапан» тобының ата-анасы Расилова Салтанат «Балалардың төлемақысы қымбаттай ма ? деген сұрақ қойды.

 

Жауабы: Бұл сұраққа балабақша меңгерушісіРыскулова Ж.О. МДҰ-да шаруашылық есеп топтағы (5-жасқа дейінгі) бала үшін тамағына 14300( он төрт мың үш жүз)теңге, баланың орнын сақтау үшін 13000 (он үш мың) теңге , яғни барлығы 27300 (жиырма жеті мың үш жүз) теңге төлемақыны (1 күндік тамақ ақысы орта есеппен 650 тг. ) және айлық төлемақы және оның мөлшері ҚР Президентінің Үкімімен шығарылған қоғамдық бағалық өзгерістермен (қызметкерлердің жалақысы және коммуналдық қызмет , азық-түліктердің құны көтерілсе) байланыстырылып өзгертіліп, анықталып отырады. Барлық көрсетілген төлемдердің бағасы ата-аналарға уақтылы хабардар етіліп, ақпараттар берілетінін айтты.

 

 

2. Ересектер «Күншуақ» тобының ата-анасы Қалиева Қаламқас«Ағылшын, би үйірмелерін ұйымдастыруға бола ма? деген сұрақ қойды.

 

Жауабы: Жаңа оқу жылының басында ата-аналар тарапынан жазбаша ұсыныстар түсетін болса үйірме жетекшілерін тауып ұйымдастырып , қосымша ақылы қызмет көрсетуге болатынын түсіндірді.

 

 

3. Ортаңғы «Жауқазын» тобының ата-анасы Батырова Гүлжаһан «Жаңа жылда мектепке талаларға сыйлыққа қаражат бөлінеді, балабақшада неге берілмейді? деген сұрақ қойды.

 

Жауабы: «Мектепке дейінгі ұйым мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болғандықтан толық мемлекеттік мекеме емес. Сондықтан ондай мәселелерге қаражат бөлінбейді»,- деп жауап берді балабақша меңгерушісі.

 

4. Бектасова Алмагүл, Нагиева Мақпал , Ерболаева С.Б. балабақша ұжымына шығармашылық табыс тілеп , ризашылықтарын білдіріп алғыс айтты.

 

Шешімі: 

1. Балабақшаның оқу –тәрбие жұмысын жандандыру мақсатында отбасы мен балабақша арасында тығыз байланыс орнатылып, жүзеге асырылсын.

2. Қазақстан Республикасының « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы Білім Басқармасының Бұйрығы бойынша ата-аналармен бірге жүзеге асырылсын, қаржылық – шаруашылық есеп жылына 1 рет беріліп отырсын.

 

 

 

 

 

МКҚК № 162 Б/б меңгерушісі:Рыскулова Ж.О.

 

 

 

 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив